Австралиялық Ena Respiratory компаниясы коронавирустың тыныс жолдарында таралуына жол бермейтін спрей ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты зерттеу мәліметтеріне сілтеме жасап.
Ғалымдар бірнеше зерттеу жүргізген. Нәтижелер INNA-051 препаратының мұрын мен тамақтағы вирустың репликациясын 96 пайызға төмендетіп, инфекция қаупін азайтып, оның таралуын төмендететінін көрсеткен.
"Біздің еміміздің қаншалықты тиімді болғанына таң қалдық. Біз вирустың тез жойылғанын көрдік", - дейді Ena Respiratory басқарушы директоры, доктор Кристоф Демезон.
Алғаш рет INNA-051 мпрейі суықтан және тұмаудан қорғау үшін жасалынған екен, бірақ оның тиімділігі туралы нақты дәлелдер болмағандықтан мақұлданбаған дейді.