$ 494.87  520.65  4.91

Астанада алты оқушыға коронавирус жұққан

Оның ішінде бір оқиғада бала мектепке барып жүрген, қалған бесеуі қашықтан оқыту тәртібінде білім алып келген.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Жаңа оқу жылы басталғалы елордада мұғалімдер арасында коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеді. Бұл туралы Астана қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Піралиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«6 қыркүйектен бастап оқушылар арасында індет жұқтырудың алты жағдай тіркелді. Оның ішінде бір оқиғада бала мектепке барып жүрген, қалған бесеуі қашықтан оқыту тәртібінде білім алды», - деді Пралиева баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, байланыста болған адамдар тексеруден өткен. «Барлығында індет анықталмады. Жалпы 13 бала мен 6 мұғалім тексерілді. Мектепте дезинфепкция жүргізіліп, балалар мен мұғалімдер үйде карантинде болды», - деді ол.

Сонымен қатар,  Пралиева мектеп мұғілімдері арасында коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмегенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары