$ 494.87  520.65  4.91

Рудный қаласының әкімі қызметінен кетті

Рудный әкімі отставкаға кету туралы өзі өтініш жазған.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Рудный әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудный әкімі отставкаға кету туралы өтініш жазған.

Бақытжан Ғаязов бұл қызметте 9 жыл болған еді.

Бақытжан Темірұлы Ғаязов 1962 жылы 27 қазанда РФ Челябі облысы Қарталы ауданы Роднички ауылында дүниеге келген. 1982 жылы РФ Челябі облысы Троицк қаласы зооветеринария техникумын бітірді. 1982- 1984 жылдары - Кеңес Әскері қатарындағы қызметте болды. 1989 жылы Троицк ветеринар институтын ветеринар дәрігері мамандығы бойынша, 2003 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары