$ 494.87  520.65  4.91

Цой Үкіметке халықаралық әуе рейстерінің санын азайтуды ұсынды

COVID-19-ға тапсырған тест анықтамасының болуы, онда да оның жарамды мерзімі 3 күннен аспау керек.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Үкімет отырысында Алексей Цой Түркиямен әуе қатынасын шектеп, басқа елдермен арадағы қосымша әуе рейстерін ашуды тоқтата тұруды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Шетелдердегі жағдайдың нашарлауын ескере отырып, инфекцияның сырттан енуіне және таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен арада қосымша рейстердің қайта ашылуына тыйым сала тұрған жөн. Мысалы, Түркия Республикасына қатынайтын әуе рейстерінің санын азайтуды ұсынамыз.

Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін келесі талаптарды белгілеу керек: термометрия, сауалнама толтыру, COVID-19-ға тапсырған тест анықтамасының болуы, онда да оның жарамды мерзімі 3 күннен аспау керек. Ал мұндай анықтамасы жоқтарды екі тәулікке карантинге қалдырып, тест нәтижесін күту қажет", - деді Денсаулық сақтау министрі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары