$ 447.4  477.55  4.76

Үкімет басшысы карантин талаптарын күшейтуді тапсырды

Асқар Мамин сонымен қатар санитария режимін бұзудың кез келген жағдайының жолын кесу қажеттігін ескертті.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

«Жалпы елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Вирустың репродуктивтік деңгейі 0,93 құрап отыр. Бұл қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Дегенмен әлемде және бірқатар шекара маңындағы елдердегі эпидемияның тұрақсыздығын ескеріп, біз санитариялық талаптарды сақтау шараларын күшейтуіміз қажет», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы жауапты министрліктерге бірқатар мәселелерге назар аударуды тапсырды.

«Біріншіден, мүдделі мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдіктері санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралардың 100 пайыз дайындығын қамтамасыз етсін. Денсаулық сақтау министрлігі көшпелі медициналық кешендер мен жедел жәрдем автокөліктерін, қажетті техника мен жабдықты, жеке қорғану құралдарын сатып алуын қамтамасыз етіп, оларды 15 қазан айына дейін өңірлерге беру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.

Екіншіден, Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге санитариялық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтарының жұмысын күшейтсін», - деді ол.

Асқар Мамин сонымен қатар санитария режимін бұзудың кез келген жағдайының жолын кесу қажеттігін ескертті.

«Үшіншіден, Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстанға келетін азаматтарды санитариялық-карантиндік бақылауға алуды күшейту жөніндегі ұсыныстарын Ведомствоаралық комиссияда қарауды тапсырамын.

Төртіншіден, Денсаулық сақтау министрлігі, «СК-Фармация» және әкімдіктермен бірлесіп, медицина ұйымдарында және дәріханаларда дәрілік заттардың және жеке қорғану құралдарының болуын қамтамасыз етсін. Өңірлерде дәрілік препараттардың бағаларына бақылау жүргізу қажет», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары