$ 494.87  520.65  4.91

Депутат қазақстандықтардың нашар несие тарихын жақсартуды ұсынды

Сосын олар микрокредиттік ұйымдардан, онлайн-компаниялардан және ломбардтардан жоғары пайызбен несие алмайтын болады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан қазақстандықтардың нашар несие тарихын қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру сұралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекет бюджет қаражатын жұмсамай, өз азаматтарының несие жүктемесін азайту үшін шұғыл шаралар қабылдауы қажет деп санаймын.

Банктер мен микрокредиттік ұйымдар үшін бірдей қаржы өнімдері бойынша бірдей реттеу қағидаларын белгілеуді ұсынамын:

"Несие тарихын қалпына келтіру және қарыздарын өтеген қарыз алушылар үшін банктердің қара тізімдерін тазарту. Осыдан кейін олар банк несиелерін ала алады. Сосын олар микрокредиттік ұйымдардан, онлайн-компаниялардан және ломбардтардан жоғары пайызбен несие алмайтын болады", - деді Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов.

Сондай-ақ, ол жеке тұлғалардың төлем қабілетін қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары