Қазақ жастарын әсіредіншілдік пен діни фанатизмнен сақтандырып, қауғадай сақал қойып, паранжаға оранып жүргендерді арабқа еліктемеуге шақырып жүрген белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік желіге өзінің оранып киінген фотосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгердің айтуынша, мұны дінмен байланыстырудың қажеті жоқ. БАӘ елдеріне сапарлап барғанда, күнге күймес үшін уақытша киіп жүрген.
«Арабтар күннен қорғану ғана үшін киеді... Ал біздікілер барынша қараға оранып, қолдарына қолғап, көздеріне қара көзділдірік киіп алады!
Біздің қазақтың ермелігін осыдан ақ байқауға болады. Өзіндік ұстанымы, көзқарасы жоқ, ерме адамдар ғана діни фанат болып, өздерінің жолдарынан адасып жүрген! Өзі адасқаны аздай, артынан өзі сияқты ермелерді ертіп, зомби болып қуып бітті! Үстімдегі киімді арабтар «Абайка» дейді екен.
Үлкен сауда орталығында бір әйел киім киіп көріп жатып, үстіндегі абайкасын шешіп, кейін қолына ұстай салды. Ішінде джинси шалбар мен футболкасымен ары қарай кете берді. Туристердің арқасында күн көріп отырған БАӘ елдерінің өзі басына орамал тақпаған әйелдерге тас атып, «ешекбастар, неге әйелдеріңе ие болмайсыңдар!» - деп көпіріп уағыз айтып жатқан жоқ!
Имандылық жүректе! Жігіттер, отырып алып ертегі айта бермей, елдің өркендеп, дамуына үлес қосыңдар! Сендер ұйықтап уағыз айтып, ертегі тыңдап жүргендеріңде арабтар сендерді басып озған! Күнге күймес үшін мен де біреуін алып киіп алдым. Айгүл Орынбек оранып алыпты деп сүйінші сұрамай-ақ қойыңдар», - деп жазған өзінің facebook парақшасында.