$ 447.4  477.55  4.76

Коронавирус жұқтырғандардың басты қателігі неде? - маман жауабы

Тек ауыр жағдайда ғана аурухана бару керек.

Вирусолог өзін-өзі емдеуді коронавирусты жұқтырғандардың басты қателігі деп атады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Ұлттық ғылыми эпидемиология және микробиология орталығының жасырын инфекциялар микробиология бөлімінің бастығы Виктор Зуев "Национальная служба новостей" радиосының эфирінде айтты.

"Егер сіз ауырып қалсаңыз немесе емханаға бара алмасаңыз, дәрігерді шақырып, оның сізге айтқанын тыңдаңыз. Ешқашан өзіңіз бастамаңыз. Бұл науқас адамның ең үлкен қателігі", - деді Зуев.

Бұл ретте, Ғылыми-зерттеу орталығының профессоры Анатолий Альштейн COVID-19-ды үйде емдеуге болатынын атап өтті.

"Коронавирустық инфекцияның көптеген жағдайларын оқшаулау, тиісті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету арқылы үйде емдеген дұрыс. Тек ауыр жағдайда ғана аурухана бару керек", - деп түсіндірді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус