01.10.2020, 13:00

Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы төлем беріледі

Фото: tolqyn.kz
216 мыңнан астам қазақстандық зейнеткерге біржолғы материалдық көмек көрсетілмекші.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіннің хабарлауынша, зейнеткерлерге 2,3 миллиард теңге жұмсалу жоспарланып отыр, деп жазады Айқын ақпарат. 

«Қарттар күні аясында Астана қаласында, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында жалпы көлемі 2,3 млрд теңгені құрайтын бір реттік материалдық көмек 216,7 адамды қамтумен қамтамасыз етілед» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 1 қазанда Қазақстанда қарттар күніне арналған қарттарға қамқорлық көрсету барысында іс-шаралар бір айы бойы өткізілмек.