$ 494.87  520.65  4.91

Ерлі-зайыптыны аяусыз өлтірген күдікті суицид жасамақ болды

Елді дүрліктірген оқиға осыдан 5 ай бұрын болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Күдікті уақытша тергеу абақтысында өзіне қол жұмсамақ болды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. 

Көкшетауда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтірді деп айыпталған 25 жастағы азамат уақытша тергеу абақтысында суицид жасады. 1 қазан күні осы қанды оқиғаға қатысты сот процесі басталуы керек болатын. Бірақ Вадим Достов абақтыдан сотқа емес, ауруханаға жеткізілді. Сондықтан сот отырысына келе алмаған. 

Елді дүрліктірген оқиға осыдан 5 ай бұрын болған. 10 баланың әке-шешесі 84 жастағы Әкімбек пен 78 жастағы Құралай Бейсенбаевтар 30 сәуір күні таңертең өлі күйінде пәтерлерінде табылған: екі қарт тұншықтырылып, пышақ жарақатынан көз жұмған.

Көкшетау қаласындағы тергеу абақтысы санитарлық бөлімінің мейірбикесі Айман Әбілмәжінованың айтуынша,  айыпты сотқа дейін пышақпен өзінің тамағын орып жіберген. Тоқтаусыз қан кетіп, жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізген көрінеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары