ОҚО Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында қораз төбелестіруді кәсіпке айналдырған жергілікті тұрғын қолға түсті деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларына күдіктінің үстінен ауылдастарының бірі арызданып келген. Оның айтуынша, 45 жастағы ер азамат өз үйінде қораз төбелестіруге арналған үлкен манеж жасапты. Полицейлер бұл үйге келген сәтте ондаған адам құстардың төбелесін тамашалап, бәс тігіп жатқан көрінеді.
Сайрам аудандық ІІБ қызметкерлері оқиға орнынан айғақ зат ретінде төбелескіш қораздар мен ірі көлемде ақша тәркіледі. Оған заңсыз құмар ойын ұйымдастырағын үшін айып тағылуда және ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабымен іс қозғалды.