03.10.2020, 22:24

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 4 адам көз жұмды

Фото: tvsamara.ru
Жалпы науқастардың арасында 86 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланды.

3 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония мен COVID-19 бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 166 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 53 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: пневмониямен ауырғандар - 33 378, 358 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 390-ға жетті.

Ал коронавирус бойынша, үш адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта инфекциядан 3 256 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 70 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 793 науқас жатыр. 1 463 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 86 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланды. 21 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.