Полиция іздеуде жүрген 150 қылмыскердің ұсталғанын, миграциялық заңды бұзған 14 мыңнан астам оқиға тіркелгенін, екі килоға жуық есірткі және 180 қару-жарақ тәркіленгенін мәлімдеді. Бұл туралы Centralasian.org порталы жазды.
Бірақ нақты қай елдің азаматтары елден шығарылғаны айтылмаған. Мәскеудің ІІМ бас басқармасы басшысының орынбасары Геннадий Голиков мигранттардың көбі жалға заңсыз берілген 2200 пәтерден табылған деді. Оның сөзінше, онда Орталық Азия және Кавказ елдерінің азаматтары тұрған.
Мигранттарға құқықтық көмек беретін "Помощь" мәскеулік ұйымының жетекшісі Бахром Хамроев операция кезінде көптеген азаматтардан арыз-шағым түскенін айтты. Олардың дені Тәжікстан және Өзбекстаннан келген мигранттар дейді.