$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттің әуежайы сатылымға шығарылды

Бастапқы баға 5,2 миллиард теңге сомасында белгіленген.

Шымкент әуежайы сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұндай мәлімет электронды сауда алаңының сайтында пайда болды. Бастапқы баға 5,2 миллиард теңге сомасында белгіленген.

Байқау шарты бойынша жеңімпазға кем дегенде алты миллиард теңге инвестиция салып, қарызды өтеу қажет болады. Объектінің инфрақұрылымын азаматтық авиация саласындағы қазіргі заманғы стандарттарға келтіру қажет екені айтылады. Жолаушылар терминалын қайта құру, арнайы техника мен жабдықтарды жаңарту және жаңғырту. Сайтта басқа да бірқатар шарт бар.

Сауда-саттық 2020 жылдың 8 қазанына жоспарланған. Қазіргі уақытта қатысуға өтінімдер қабылдау жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары