$ 498.34  519.72  4.85

Тәжікстанда оппозициялық партия өкілдері өмір бойына бас бостандығынан айрылды

Тәжікстанның Жоғарғы соты 2 маусымда елінде тыйым салынған Исламның жаңаруы партиясының (ТИЖП) төраға орынбасарлары Саидумар Хусайни мен Мухаммадали Хайитқа өмір бойы бас бостандықтарынан айыру жазасын кесті.

Тыйым салынған партияның лидерлеріне тағылған айыптардың бірі — былтыр қыркүйек айында арнайы операция кезінде өлтірілген Тәжікстанның қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, генерал Абдухалим Назарзодаға қатысы барлығы.

11 мамырда сот отырысы кезінде мемлекеттік айыптаушы аталған партияның бес мүшесі – Саидумар Хусайни, Мухаммадали Хайит, Киёмиддин Авазов, Абдукаххор Давлат және Рахматуллох Раджабқа өмір бойы түрме жазасын сұраған.

Прокурор өзге айыптаушыларға 16 жылдан 30 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазасын, тек бір ғана заңгер әйел Зарафо Рахмониға 5 жыл сұраған.

Нәтижесінде Жоғарғы сот Тәжікстандағы исламның жаңаруы партиясының лидерлерін айыпты деп танып, өмір бойы түрме жазасынан басқа 28 жылдан 2 жылға дейін абақтыға кесті.

Айыптаушылардың бәрі соңғы сөздерінде өздерінің кінәлері жоқ екенін айтып, соттан әділ шешім сұраған.

centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары