06.10.2020, 16:40

Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің құрылымын бекітті

фото: azattyq-ruhy.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылсын.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақордаға сілтеме жасап.

Құжатта «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;

2) Агенттіктің құрылымы;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген.

Құжаттың толық мәтінін мына сілтемеге кіру арқылы оқи аласыз!