06.10.2020, 23:44

Қырғызстанның жаңа премьер-министрі тағайындалды

фото: kabar.kg
Парламенттің кезектен тыс жиналысында депутаттар Садыр Жапаровты премьер-министр етіп бекітті.

5-қазандағы парламент сайлауына наразылық акциясынан кейін Қырғызстанда толқу басталып, түрлі лауазым иелері өз өкілеттіліктерін тоқтатып, қызметінен кетіп жатыр. Қырғызстанның премьер-министрі Қубaтбек Боронов бүгін қызметінен кетті. Жаңа премьер болып бұрынғы депутат Садыр Жапаров тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz сайты.

Садыр Жапаров 2017 жылы 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған 2013 жылы Қаракөлде билікке қарсы митинг ұйымдастырып, аймақ басшысы Емілбек Қаптағаевты кепілдікке алды деген айып тағылған.

Наразылы халық өкілдері Садыр Жапаровты 5-қазанда абақтыдан шығарып алды. Халық алдына шыққан Садыр: «Мен үш жарым жыл түрмеде отырып, өздеріңнің арқаларыңда қазір бостандықтамын. Бірақ ең алдымен біз қырғызбыз ба, орыс немесе өзбекпіз ба, ұйғырмыз ба, барлығымыз бір елде өмір сүретінімізді ұмытпайық. Барлық мәселені заң аясында шешейік. Қазір тарауға тиіспіз, өйткені күшпен шешсек, ол заңсыздық болмақ» деген еді.

Бүгін «Достық» қонақ үйінде өткен парламенттің кезектен тыс жиналысында депутаттар Садыр Жапаровты премьер-министр етіп тағайындады.