$ 444.22  476.38  4.82

Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды

Бұл Қанаттың соңғы бір жылдағы алғашқы кездесуі болмақ.
фото: vesti.kz
фото: vesti.kz

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келесі қарсыласы анықталды. Отандасымыз келесі кездесуін мексикалық Хесус Гурролаға (27-3-15, 14 КО) қарсы өткізеді, деп жазады vesti.kz сайты.

BoxRec порталының ақпараты бойынша, Ислам келесі кездесуін 16 қазан күні Плант-Сити (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткізеді. Бұл отандасымыздың соңғы бір жылдағы бірінші кездесуі болмақ. 

Соңғы рет Қанат Ислам 2019 жылдың 26 қазанында шаршы алаңға шығып, намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілердің шешімі бойынша жеңді. Бұл кездесу ол WBO International белбеуін иеленген болатын. 

Ал 32 жастағы Гуррола болса кәсіпқой бокста 45 кездесу өткізіп, 27 жекпе-жекте жеңіске жетсе, 15 кездесуде жеңіліп, 3 айқаста қарсыласымен тең түсткен. Ол жекпе-жектерінің басым бөлігін Мексикада өткізген. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары