$ 494.87  520.65  4.91

Анасы кішкентай қызына арақ ішкізген видеоға қатысты полиция түсініктеме берді

Тәртіп сақшылары ана мен баланың тұрмыстық жағдайын тексерді.

Шығыс Қазақстанда мас әйел кішкентай қызына алкогольді ішімдік ішкізді. Оқиға түсірілген видеоға қатысты полиция түсініктеме берді.

Видео Instagram желісінің semey_zhaloby2 аккаунтында жарияланды, деп хабарлайды Liter.kz.

«Отбасылардың шағымдарын қарау» тобында балалардың әкесінің айтуы бойынша, анасы жиі ішімдік ішіп, бірнеше күн жоғалып кететін көрінеді.

«Полиция анасы мен әкесінен түсініктеме жазбаларын алудан басқа ешқандай шара қолданбайды» деп жазды топтағылар.

Топ мүшелері бұл видеоны көріп, баланы тезірек алуға шақырды. Шығыс Қазақстан облысының полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, видео «2020 жылдың басында» түсірілгенін атап өтті.

Тәртіп сақшылары ана мен баланың тұрмыстық жағдайын тексерді және әлі де тексеріп жатыр.

«Қазіргі уақытта әйел Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында тұрады және алкогольдік ішімдік ішпейді, азғын өмір салтын ұстанбайды. Отбасы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының бақылауында», - деді полицияда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#арақ #анасы