Жаңалықтар 08.10.2020 сағат 10:40

Токио марафоны 2021 жылға ауыстырылады

Ұйымдастырушылар 2022 жылғы бәсекені наурыз айында, әдетте Жапония астанасында өтетін уақытта өткізуді жоспарлап отыр.
Токио марафоны 2021 жылға ауыстырылады
Фото: inform.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тас жолдағы жарысты ұйымдастырушы Tokyo Marathon Foundation қоры жұма күні Директорлар кеңесінің отырысын өткізіп, осы шешімді ресми түрде бекітеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес шамамен 38 000 қарапайым қатысушыға рұқсат берілуі тиіс.

Дереккөздердің хабарлауынша, қор пандемияға байланысты 7 наурызда жоспарланған күннен бас тартты және оның орнына келесі жазда Токиодағы Олимпиада ойындарынан кейін марафон өткізуді ұйғарды.

Ұйымдастырушылар 2022 жылғы бәсекені наурыз айында, әдетте Жапония астанасында өтетін уақытта өткізуді жоспарлап отыр.

Биылғы жылы Токио марафоны таңдаулы қатысушылар үшін коронавирустың өршуіне байланысты шектеулі болды. Жарыс жолынан шығарылған қарапайым қатысушыларға келесі немесе 2022 жылғы іс-шараға автоматты түрде кіру мүмкіндігі берілді.

Токио марафоны –әлемдегі алты негізгі марафонның бірі. Осы жылы Бостон, Берлин, Чикаго және Нью-Йорктегі барлық марафон тоқтатылды, ал өткен демалыс күндер өткен, сәуір айында кейінге шегерілген Лондон марафонына таңдаулы жүгірушілер ғана қатысты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар