23.09.2020, 11:12

Нұр-Сұлтанда жастар саясаты басқармасы ҰОС ардагерлеріне көмектесті

фото: qarmaqshy-tany.kz
Айта кетейік, қыркүйекте мемлекет басшысы тапсырмасымен волонтерлік жұмысты еңбек кітапшасына міндетті түрде тіркеу туралы шешім қабылданды.

Нұр-Сұлтанда жастар саясаты мәселелері басқармасыҰОС және тыл ардагерлеріне көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Олар қамқорлыққа  150 адамды алған, - деп хабарлайды Sn.kz. "Еріктілер ҰОС және тыл ардагерлеріне тұрақты түрде көмек көрсетуде. Олардың мекен-жайларын қаланың ардагерлер кеңесі ұсынады. Қыста 80-нен астам зейнеткер аулаларды қардан тазартуға көмектесті. Карантин басталғаннан бері 150-ге жуық адам қамтылды. Оларға азық – түлік себеттері тасымалданады, сондай-ақ еріктілер үй шаруашылығына көмектеседі", - деп хабарлады жастар саясаты мәселелері басқармасы. Сонымен қатар елордада қалалық штабтың еріктілері Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп, 50 қарт адамға қажетті көмек көрсетті.  "Егде жастағы адамдарға қалалық штаб еріктілері тұрақты негізде қолдау көрсетеді. Қыркүйектен қазанға дейін біз аулалар мен мұқтаждардың үйлерін тазалап, оларға 30-ға жуық арнайы азық-түлік жиынтығын бердік. Ардагерлерге не қажет екендігі туралы ақпаратты аудандық ардагерлер кеңесінен аламыз. Олар бізге нақты тізімді береді. Жақында 50 зейнеткерге азық – түлік себетін тараттық, олардың сұранысы бойынша көмектестік",-деді өңірлік жастар саясаты басқармасының бөлім бастығы Акулан Тастемір. Елдегі карантин режимі жалғасуда, ал қоғамдық орындарда бетперде кию және әлеуметтік қашықтық міндетті болып қала береді. Елордалық штаб еріктілері Нұр-Сұлтан көшелері мен саябақтарында қоғамдық орындарда карантиндік шараларды сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қала тұрғындарын қырағылықты жоғалтпауға, бетперде тағуды жалғастыруға, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтауға және үлкен компанияларға жиналмауға шақырды.  "Біз коронавирустық инфекцияның әлі таралып жатқанын байқап жүрміз. Алайда біздің халық карантиндік шараларды, оның ішінде әлеуметтік арақашықтықты, бетперде тағуды ескермей жүр. Сондай-ақ, адамдар бір – біріне қауіп төндіре отырып, үш – төрт адамнан, белгілі бір жерлерде он-он бес адамнан жинала бастады", - деді "Астана Жастары" ЖРО басшысы Шыңғыс Тілеулин. Айта кетейік, орталық саябақтағы акцияға жиырма волонтер мен төрт полиция қызметкері қатысты. Ол жастар саясаты жөніндегі басқарма мен "Астана Жастары"жастар ресурстық орталығының бастамасымен өтті. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты қатаң ережелерді сақтауға шақырған болатын. "Қалаларда карантиндік шаралар сақталмайды, бұл жұқтырғандар санының көбеюіне әкеледі. Үкімет, облыстардың, қалалардың әкімдері ахуалды түзеуге тиіс. Қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте бетперде кию міндетті болып табылады", - деп жазды Қазақстан президенті Twitter-де. «Сонымен қатар қазір қайырымдылық жобаларға бағытталған ірі бизнес табысын 3% және шағын және орта бизнес табысын 4% көлемде салықтан босату заңнамалық тұрғыда қарастырылып отырғанын хабарлады. Мұның бәрі волонтерлікпен айналысатын жастарды қолдауға бағытталып отыр. Айта кетейік, қыркүйекте мемлекет басшысы тапсырмасымен волонтерлік жұмысты еңбек кітапшасына міндетті түрде тіркеу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар ерікті болып көмек қолын созатын жастарға университетке, колледжге түсу кезінде бірқатар басымдық беріледі.Қазіргі таңда бұл жақсы нәтиже деп есептеймін», – деді президент. Айта кеткен жөн, елдегі карантин режимі жалғасуда, ал қоғамдық орындарда бетперде кию және әлеуметтік қашықтық міндетті болып қала береді. Елордалық штаб еріктілері Нұр-Сұлтан көшелері мен саябақтарында қоғамдық орындарда карантиндік шараларды сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қала тұрғындарын қырағылықты жоғалтпауға, бетперде тағуды жалғастыруға, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтауға және үлкен компанияларға жиналмауға шақырды.  Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда жастар саясаты мәселелері басқармасыҰОС және тыл ардагерлеріне көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Олар қамқорлыққа  150 адамды алған. Сонымен қатар елордада қалалық штабтың еріктілері Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп, 50 қарт адамға қажетті көмек көрсетті. 

 

 

Тегтер: еріктілер