$ 448.15  483.46  4.86

Ұлыбританияда жас жұбайлар бұрын-соңды болмаған үйлену той жасады (ФОТО)

Даяшылар әр көлікке тағамдарды гироскутермен жеткізіп отырды.
Фото: mirror.co.uk
Фото: mirror.co.uk

Ұлыбританияда тапқыр жас жұбайлар карантин шартын бұзбай, тойына 250 адам шақыра алды. Жастардың ойлап тапқан бұл ұтымды амалын көпшілік қайталауға кіріскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлыбританияда жас жұбайлар 250 адамға арналған той жасау кезінде карантинді бұзбауға мүмкіндік беретін лайфхак ойлап тапты деп жазады The Mirror.

Олар саябақтың ашық алаңында автокөлік кинотеатрына ұқсас той ұйымдастырады: салтанатты шара үлкен экранда көрсетіліп, 250-ге жуық қонақ мерекені көліктерінен тамашалады.

Тағы 300-ге жуық туысқан қалыңдық пен күйеу жігітті бейнебайланыс арқылы эфирге қосылып, құттықтау мүмкіндігіне ие болды.

Ұлыбританияда енгізілген қатаң карантин үйлену тойына қалыңдық, күйеу жігіт және салтанат иесін қоса алғанда қатысушылар санын 15 адамнан артық етуге тыйым салады. Бұл тыйымды бұзбау үшін Рома Попат пен Виналь Патель қонақтарынан мерекенің төрт сағатында көліктен шықпауды сұраған.

Жиналғандардың барлығына бактерияға қарсы гель, азық-түлік себеттері және қоқыс салуға болатын пакеттер таратылды. Даяшылар әр көлікке тағамдарды гироскутермен жеткізіп отырды.

Салтанатты шараға қалыңдық пен күйеу жігіт көлікпен келді. Той иелері үйлену тойын кейінге қалдырмауға шешім қабылдаған, себебі тойды онсыз да сәуірден қазанға ауыстыруларына мәжбүр болыпты.

Тойды ұйымдастырушылар карантин жағдайындағы алғашқы үйлену тойы сәтті өткенін айтуда. Компания осындай іс-шараларға тапсырыс толып кеткенін жасырмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары