09.10.2020, 14:40

Астанада шетелден келген тағы 101 жолаушы карантинге жатқызылды

фото: tengrinews.kz
Бұл жолаушылардың ПТР-анықтамалары болмаған.

Нұр-Сұлтанға шетелден келген тағы 101 жолаушы карантинге жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына шетелден алты ұшақ келіп қонған. 

«Астанаға ұшып келген жолаушылардың 101-інде ПТР-анықтамасы болмаған, кейбірінде анықтамасының уақыты өтіп кеткен. Олар карантиндік стационарға жатқызылды. ПТР-тесттен өткеннен кейін олар үйлеріне қайтарылады. Коронавирус жұқтырғаны белгілі болған жағдайда инфекциялық стационарға жатқызылады», - делінген хабарламада.  

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары шетелден келгенде қолында осындай анықтамасы болмаған жағдайда, COVID-19-ға тест тапсырып, оның нәтижесі шыққанша ауруханаға екі күндік карантинге орналастырылады