$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық әйел Анталияда үш айлық баласын көшеге тастап кеткен

Бесік арбада жатқан баланы Сельма Мейдан есімді жергілікті тұрғын тауып алған.
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Қазақстандық әйел Түркияның Анталия қаласындағы үй ауласына үш айлық баласын қалдырып кеткен. Бұл туралы Akdenizgercek басылымы хабарлайды, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz сайты.

Бесік арбада жатқан баланы (сәбидің аты-жөні - B.E.A) Сельма Мейдан есімді жергілікті тұрғын тауып алған. Әйел дереу шұғыл көмек қызметіне хабарласып, бала білім беру және зерттеу ауруханасына жеткізілген.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция бөлімінің қызметкерлері баланың есімін анықтап (жынысы - ұл), оның әкесін іздеп тапқан. Осылайша, бала әкесіне - 33 жастағы Түркия азаматына берілді. Ер адам әйелінің не үшін мұндай қадамға барғанын білмейтінін айтып, әйелінің үстінен арыз жазып, прокуратураға шағымданды. Ол баласының дәл осындай жағдайға тап болғанын білмеген, нәресте анасымен бірге деп ойлаған.

Басылымның хабарлауынша, баланың анасы – 31 жастағы Қазақстан азаматы екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары