09.10.2020, 17:40

«Қатты сағынбаңыздар!»: Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады (ФОТО)

фото: 24.kz
Бастапқыда Әлімханұлы қарсыласы үздік 15 қатарындағы солақай боксшы болуы керек еді. Бірақ ол жаттығулардың бірінде жарақат алып қалған екен.

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) бүгін рингке шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған байланысты боксшы мәлімдеме жасады. 

"Ертең мен қазақ стилін бүкіл әлемге паш етемін. Қатты сағынбаңыздар!", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас штатындағы MGM Grand спорт кешенінде өтеді. Жәнібектің қарсыласы 23 жастағы аргентиналық Гонсало Кория (16-3, 6 КО). Бұл кездесуді "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 10 қазан (сенбі) күні 8:00-де басталады.

Бастапқыда Әлімханұлы қарсыласы үздік 15 қатарындағы солақай боксшы болуы керек еді. Бірақ ол жаттығулардың бірінде жарақат алып қалған екен.

27 жастағы Жәнібек кейінгі рет былтыр қарашада Фреснода (Калифорния штаты, АҚШ) шығып, канадалық Альберт Онолуноседен (24-3-1, 8 КО) нокаутпен жеңген. Бұл кездесуде ол WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.