Бішкекте экс-президент Алмазбек Атамбаевқа қастандық жасалды. Бұл туралы Қырғызстан социал-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Құндыз Жолдубаева мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
"Экс-президент мінген көлікке оқ жаудырылды. Алмазбек Шаршенұлы дін аман, жарақат алған жоқ", деп жазды ол Facebook парақшасында.