$ 443.85  474.3  4.8

Қыста карантин енгізілсе, «42500» тағы беріле ме? - министр жауабы

Егер жағымсыз болжамдар орындалса, үкімет ел экономикасын сақтап қалу үшін және кәсіпкерлерді қолдау үшін шара міндетті түрде шаралар қабылдайды.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Жақында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желтоқсанда қатаң карантин енгізілуі мүмкін екенін айтып кеткен еді. Осыған орай, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мұндай жағдайда жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Министрге "Мемлекеттік резервтен қатаң карантиннің салдарынан жұмыссыз қалғандарға қанша ақша бөлінеді?" деген сұрақ қойылған болатын. 

"Үкімет эпидемиялогиялық шаралардың бұзылмауы үшін барынша жағдай жасап, тиісті шаралар қолданып жатыр. Қазір елімізде жағдай тұрақты. Алдағы уақытқа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой болжам жасаған еді. Дегенмен бұл сценарийлердің қайсысы орын алатынын біз білмейміз. Егер жағымсыз болжамдар орындалса, үкімет ел экономикасын сақтап қалу үшін және кәсіпкерлерді қолдау үшін шара міндетті түрде шаралар қабылдайды. Десек те жұмыссыз қалатындарға қанша ақша бөлінеді деген сұраққа жауап беру әлі ерте", - деді Нұрымбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары