$ 494.87  520.65  4.91

10 қазанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей аумағында тұман, желдің күшеюі, солтүстікте – көктайғақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болатындықтан, 10 қазан күні ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін. Республиканың кей аумағында тұман, желдің күшеюі, солтүстікте – көктайғақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей аумағына тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Түркістан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей аумағында жел 15-23 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысында күндіз шаңды дауыл соғады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей аумағында түнде 1-5 градус аралығында үсік жүруі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары