$ 498.34  519.72  4.85

Ресейде білім министрі оқушы қыздарды жыныстық қатынасқа тартпақ болған

Қазіргі таңда оның телефонындағы жеке парақшасы мен жазбалары тексерілуде.
Фото: dvinanews.ru
Фото: dvinanews.ru

Ресей Федерациясы Архангельск облысының білім министрі Юрий Гнедышев кәмелет жасына толмағандарды азғырған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz.

2019 жылы желтоқсан айында шенеунік екі оқушы қызбен әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп, оларды жыныстық қатынасқа тартпақ болғаны әшкереленіпті. Тіпті, жергілікті министр қыздардың біреуіне порнографиялық бейнежазба жіберген. 

Гнедышев 38 сағатқа жасөсіпірімдерді азғырғаны үшін қамауға алынған. Оның кабинетіндегі заттар заттай айғақ ретінде тәркіленген. 

Қазіргі таңда оның телефонындағы жеке парақшасы мен жазбалары тексерілуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары