$ 446.49  475.38  4.79

Алматы облысында жұмысшылар қар жауған кезде асфальт төсеген (ВИДЕО)

Видео кадрларынан жұмысшылардың қар жауып тұрғанына қарамастан арнайы техниканың көмегімен жаңа асфальт төсеп жатқаны көрінеді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысы Кербұлақ ауданында қар жауған кезде асфальт төсегендердің видеосы тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео кадрларынан жұмысшылардың қар жауып тұрғанына қарамастан арнайы техниканың көмегімен жаңа асфальт төсеп жатқаны көрінеді.

Кербұлақ ауданының әкімдігі бұл видеоның 7 қазанда Шаған ауылының маңында түсірілгенін және осы оқиға бойынша сол күні шаралар қабылданғанын айтты.

"Біз сол күні жұмысты тоқтаттық, мен өзім техникалық қадағалаумен бірге шықтым, нұсқама жазып, тоқтатуды бұйырдым. Мердігер бізге таңертең аспанның ашық екенін түсіндірді, сондықтан жұмыс басталды, содан кейін күтпеген жерден жауын-шашын басталды", - деді Кербұлақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еділ Сарыбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары