14.10.2020, 10:00

Криштиану Роналду коронавирусты жұқтырды

Фото: euro2020.ria.ru
Шабуылшының ауруы асимптоматикалық болып саналады, ол қазірдің өзінде командадан оқшауланған.

Танымал футболшы Криштиану Роналду коронавирусты жұқтырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Португалия ұлттық құрамасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Роналдудың COVID-19 сынамасы оң нәтиже берді. Енді ол Швеция құрамасымен Ұлттар лигасында ойнай алмайтын болды.

Шабуылшының ауруы асимптоматикалық болып саналады, ол қазірдің өзінде командадан оқшауланған.

Бұған дейін Португалия құрамасында инфекцияның жағдайы анықталған болатын. Науқастың аты-жөні айтылған жоқ. Инфекция басқа футболшыларда анықталмады.