$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте сәби бензин ішіп қойды

Қазіргі кезде ол өздігінен тамақтана алатындай мүмкіндікке ие болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Шымкентте бір сәтке ата-ана бақылауынсыз қалған бала бензин ішіп, уланып қалды. Қазіргі кезде ол қалалық гипербариялық оксигенация орталығында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды жергілікті Otyrar.kz сайты.

"Ауыз қуысы мен өңешін және асқазанын күйдіріп алған бүлдіршін Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді", – делінген ақпаратта.

Дәрігерлер көмегімен аман қалған баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Токсикологтардың жіті бақылауындағы бүлдіршін ем қабылдауды жалғастыруда.

Қазіргі кезде ол өздігінен тамақтана алатындай мүмкіндікке ие болған. Бірнеше күннен кейін ауруханадан шығарылады деп жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бензин