$ 521.9  593.5  6.39

ҰБТ: ОҚО-да 4 түлек 125 балл жинады

5 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуден 2163 бітіруші тест тапсырып, облыстың орташа көрсеткіші – 79,01 балды көрсетті. Жалпы кеше 125 балдық көрсеткішті 4 оқушы алса, 124 балды бес оқушы жинаған.

Төрт күннің қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берген 19 798 бітірушінің 13589-ы тест тапсыруға кіріп, облыстың орта баллы - 77,96. Осы күндері тестке кірген 344 оқушы «Алтын белгісін» растап, 100-ден жоғары балл жинады. Сонымен қатар, 125 балды төрт оқушы, 124 балды 9 оқушы, 123 балды 13 оқушы, 122 балды 22 оқушы, 121 балды 33 оқушы алса, 120 балды 68 түлек жинады.

Атап айтқанда, ең жоғарғы балды Шымкент қаласындағы Х.Дулати атындағы №8 облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-гимназиясының түлегі «Алтын белгіге» үміткер А.Кеңесбеков, Шымкент қаласындағы №120 жалпы о/м түлегі Е.Балтабай, Ордабасы ауданының А.Шерімқұлов атындағы жалпы о/м түлегі «Алтын белгіге» үміткер А.Абубәкір және осы ауданның М.Әуезов атындағы жалпы о/м түлегі А.Тортай алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары