15.10.2020, 23:16

Садыр Жапаров өзін президенттің міндетін атқарушы ретінде жариялады (ВИДЕО)

Фото: akipress.org
"Президент өкілеттілігі маған тапсырылды", - деді үкімет басшысы.

Қырғызстан парламентінің спикері Қанат Исаев президент міндетін атқарудан бас тартты, деп мәлімдеді Ескі алаңда митингіге шыққандармен кездескен премьер-министр Садыр Жапаров.

"Президент өкілеттілігі маған тапсырылды", - деді үкімет басшысы. 

Еске сала кетсек, Қырғызстан президенті болған Сооронбай Жээнбеков бүгін отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.