$ 494.87  520.65  4.91

Туған күніне сыйлық алған Тараз қаласы әкімінің орынбасары сөгіс алды

Бұған дейін әлеуметтік желіде кабинетінде отырған Садубаевтың сыйлық алғандағы әсері түсірілген видео тарап кеткен еді

Тараз әкімінің орынбасары Алмас Садубаев туған күніне сыйлық алғаны үшін сөгіс алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облысының Этика кеңесі Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаевқа қатысты тәртіптік істі қарады. Бұған дейін әлеуметтік желіде кабинетінде отырған Садубаевтың сыйлық алғандағы әсері түсірілген видео тарап кеткен еді», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, қазіргі заң бойына мемлекеттік қызметкерлердің сыйлық алуы тәртіп бұзушылық саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары