Жаңалықтар 16.10.2020 сағат 09:40

16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Маңғыстау, Атырау облыстарында жауын-шашын болмайды.
16 қазанға арналған ауа райы болжамы
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

16 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды және жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Нұр-Сұлтан қаласында 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде 2 градус, күндіз 17-19 градус жылы болады. Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды,  5 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шымкентте желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау, Атырау облыстарында жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с-қа жетеді. Түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы болады.

Ақтөбе облысында жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 20-22 градус жылы болады

Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 2-7 м/с, түнде 1-3 градус, күндіз 14-16 градус жылы болады.

Ақмола облысында, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында 9-14 м/с, Павлодар облысында 7-12 м/с, Алматы облысында 2-7 м/с жел соғады. Түнде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз 20-22 градус жылы болады. Ал Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 5-10 м/с-қа жетеді.

 

Түркістан облысында, Батыс Қазақстан облысында 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 10-12 градус, күндіз 24-26 градус жылы болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар