$ 494.87  520.65  4.91

Премьер-министр кеудесі ашық фотосессия жасап, дау астында қалды (ФОТО)

Саясаткер журнал мұқабасына жалаңаш денесіне қара костьюм  киіп,  винтажды алқа таққан.

Финляндия премьер-министрі Санна Марин Trendi сән журналының фотосессиясына қатысып, басы дау астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Журнал мұқабасына ерекше және даулы образбен пайда болды. Саясаткер журнал мұқабасына жалаңаш денесіне қара костьюм  киіп,  винтажды алқа таққан. Сонымен бірге премьер-министрдің шаштары бұйраланып, жеңіл макияж түрін қолданған. 

Сурет басылымның Instagram-дағы ресми парағында жарияланған сәтте желі қолданушыларының ашуын туғызды. Олардың көпшілігі Маринді айыптап, лауазымды адамның мұндай киімде суретке түсуі ерсі деп шүйлікті.

Алайда, көптеген адамдар саясаткерді жақтап, тіпті оны #imwithsanna хэштегімен қолдайтын флешмоб бастады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары