ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық біріңғай тестілеудің бесінші күнін қорытындылады. Ведомство өкілдері таратқан мәліметтерге сәйкес, бұл күні 1121 оқушы шектік 50 балды жинай алмаған.
ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген 6 339 түлектің 6 153-і (97%) тестілеу орталықтарына келіп, емтиханын тапсырған. Олардың 5 168 - қазақ, 985 орыс тілінде.
Түлектерді тексеру барысында олардан 5 948 рұқсат етілмеген зат алынған. Былтыр бұл көрсеткіш 7 548-ді құраған болатын. Ал, бесінші күннің орташа балы - 80,1-ді құрап отыр. 2015 жылы бұл көрсеткіш 77,4 балды құраған еді.
Бұл күні 125 балдық максималды көрсеткішті ешкім жинай алған жоқ. 100 балдан жоғары ұпай жинаған түлектер саны 1 255-ті құрады.