$ 498.34  519.72  4.85

Коронавирустың тағы бір симптомы анықталды

Алайда құлақ шуылы коронавирус жұқтырғанда ғана пайда болмауы мүмкін.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Коронавирустың жаңа симптомы аталды. Есту проблемасы COVID-19 жұқтырудың тағы бір белгісі болуы мүмкін, деп хабарлайды Российская газета.

Лондон университетінің колледжі коронавирус жұқтырған науқастардың тиннитустың ерекше әсерін сезінгенін анықтады, бұл кезде құлаққа себепсіз шу дыбысы естіледі.

Егер аурудың симптомдары қатты білінсе, жағдай өршіп, тіпті, толығымен естімей қалуы мүмкін. Осыған ұқсас жағдайлар анықталғаны туралы хабарланды. Сарапшылар есту қабілетіне байланысты белгілерге назар аударуға кеңес береді.

Алайда құлақ шуылы коронавирус жұқтырғанда ғана пайда болмауы мүмкін. Сондықтан, айқын клиникалық көріністі алу үшін, есту қабілетінің бұзылуынан басқа, COVID-19-дың басқа белгілерінің болуы немесе болмауы ескерілуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары