$ 494.87  520.65  4.91

19 қазанға арналған ауа райы болжамы

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

19 қазанда елімізде күн райы ашық болады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек шығыста түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз батыста, солтүстік-батыста циклон әсерінен жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Ақмола, күндіз Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Атырау, түнде және таңертең Қостанай облыстарының кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Алматы, Жамбыл облыстарының түнде кей жерлерде минус 1 градус суық болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы