19.10.2020, 11:40

Қостанай облысында карантин шектеулері күшейтілді

Бұл шектеулер 20 қазан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысын өткізді. Жедел штаб отырысында карантин шараларын күшейту туралы бірқатар шешім қабылдады.

Күнделікті шектеулер:

қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимін 23 сағатқа дейін қысқарту, залда 30 орыннан аспайтын орын орнату; ашық ауадағы аттракциондардың жұмысын тоқтата тұру.

Демалыс күндердегі шектеулер:

қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салу; ауданы 2000 шаршы метрден астам сауда объектілерінің, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру; азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұру; азық-түлік емес тауарлардың бөлшек сауда объектілерінің жұмыс режимін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу; фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтата тұру; қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру.

Бұл шектеулер 20 қазан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.