Камалжан Надыров Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Камалжан Надыров 2020 жылдың маусым айынан бастап Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымын атқарды. Өзінің жеке өтініші бойынша Надыров бұл қызметтен босатылды", – делінген хабарламада.
Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша, Тұран университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі.
Сондай-ақ, Назарбаев университетінің жоғары бизнес мектебін (Execuitive MBA) бітірген, "The Fuqua School of Business" Duke University-де (АҚШ), "Parkway College" (Сингапур) оқу орындарында білім алған.