Бұрынғы әйелін пышақпен тіліп, бала күтушісін ұрып-соққан ер адам екі күнге әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы SVET қоғамдық қорының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұйымның мәліметінше, іс әкімшіліктен қылмыстық іс бойынша қайта сараланды.
Осы жылдың мамыр айында бұрынғы күйеуі Арайлымды пышақтап өлтіре жаздаған. Жәбірленушінің айтуынша, ол бірнеше рет соққы алған, салдарынан ауруханаға түскен.
Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама нәтижелері істі қайта ауыстыруға себеп болған.
"Іс 107-баптың 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") бойынша қозғалды, бірақ сараптамадан кейін қылмыстық іс тоқтатылды. Барлығы Қылмыстық-процестік кодекс аясында", - деді Алматы полициясының баспасөз қызметіндегілер.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының үкімінде сотталушының кінәсін мойындап, өкінгені көрсетілген.
"Тараптар сот отырысы барысында татуласпады. Баяндама негізінде құқық бұзушының жеке басын, оның мүліктік жағдайын, құқық бұзушылық жасалғанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, жасаған әрекетіне өкінуін, жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде іс бойынша жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот екі тәулікке қамау түрінде әкімшілік жаза тағайындау мүмкін деп санайды", - делінген үкімде.