19.10.2020, 17:40

Мысырдан Нұр-Сұлтанға ұшып келген жолаушыдан коронавирус расталды

Фото: reuters
Ведомство мәліметінше, 19 қазанда таңертең жолаушы әйел Шарм-эль-Шэйхтен ПТР тестінен өтпей ұшып келген.

Нұр-Сұлтанға ұшып келген тағы бір жолаушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Ведомство мәліметінше, 19 қазанда таңертең жолаушы әйел Шарм-эль-Шэйхтен ПТР тестінен өтпей ұшып келген. Әуежайда бірден қаланың карантиндік стационарына жеткізілген, онда оған қажетті зертханалық талдаулар жасалған. Талдау нәтижелері бойынша жолаушыдан COVID-19 анықталды.

"Науқас ауруханада толық тексеруден өтіп, 5 күнге дейін болады. Егер клиникалық белгілер пайда бола бастаса, онда оған хаттамаға сәйкес қажет емдеу тағайындалады", - дейді аурухананың жұқпалы аурулар дәрігері.

Әкімдіктің мәліметінше, бүгінде қалалық жұқпалы аурулар стационарында КВИ жұқтырған 29 пациент бар.