$ 447.4  477.55  4.76

500 доллар айырбастаймын деп барып түрмеге түсті

ОЛ 500 АҚШ долларын Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында орналасқан "Халық Банкнің" кассасында айырбастамақ болған.
фото: azh.kz
фото: azh.kz

Маңғыстау облысында жалған шетелдік валютаны айырбастаған әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.

Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысының тұрғынына қатысты жалған қаражатты сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.  

"Айыпталушы 2020 жылдың басында тауып алған 1500 АҚШ долларының жалған ақша екенін біле тұра, 1000 доллармен таныстарынан алған қарызын өтеген. Ал қалған 500 АҚШ долларын Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында орналасқан "Халық Банкнің" кассасында айырбастамақ болған. Бірақ сол жерде қолға түсті", - дейді тергеушілер.  

Аудандық соттың үкімімен ауыл тұрғыны Қылмыстық кодекстің 231-бабы, 2-бөлігі бойынша ("жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу") кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары