Жаңалықтар 21.10.2020 сағат 13:00

«Қатты ренжідім»: Қонаевтың жақындары жаңа ескерткішке қарсылығын білдіріп жатыр

Бірақ сұрақ, қандай ескерткіш!
«Қатты ренжідім»: Қонаевтың жақындары жаңа ескерткішке қарсылығын білдіріп жатыр
Фото: видеоан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазнет қолданушылары Алматы облысында орнатылған Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың жаңа ескерткішін сынға алып жатыр. Наразылардың арасында қайраткердің туыстары да болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ескерткіш туралы Дінмұхамед Қонаевтың жиені Жанар Мұқажанова пікір қалдырыпты.

"Мен және өзгелер ағамның сыртқы келбетіне әрдайым таңданатын, сондықтан мен өз отаным Бақанаста осы мүсінді көргенімде қатты ренжідім. Мүсінші бұл жоба туралы Қонаев қорымен келісуі керек еді", - деді Жанар Мұқажанова.

Сондай-ақ, белгілі заңгер Бақытжан Базарбек те осы мүсінге қатысты ойын айтқан.

"Қонаев ескерткішінің ашылуы - игі іс. Бірақ сұрақ, қандай ескерткіш! Мүсінші ескерткішке алған дененің пропорцияларын тіпті оның жиендері де танымады. Дене басымен салыстырғанда тым созылған, ал қолдары өте үлкен. Арық қылып көрсеткен, иығы да дәу", - деп жазды Базарбек.

Еске салайық, Алматы облысының әкімдігінде құрылыс жұмыстарын демеушілер қаржыландырғанын айтқан болатын.

"15 қазанда Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың ескерткішін орнату жөніндегі барлық тиісті құжаттар тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссиямен қаралып, мақұлданды.

Қазіргі уақытта Балқаш ауданы Бақанас ауылында бастапқы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деген еді Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасындағылар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар