$ 449.58  486.94  4.86

Қостанайда алғашқы қар жауды

Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде ол 15-20 м/с дейін күшейеді.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Қостанайда алғашқы қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты. Қала тұрғындары алғашқы қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатыр. Қазгидромет орталығының Қостанай облысындағы филиалы, 22 қазанда күн бұлтты, кей жерлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болатынын хабарлады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде ол 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ауа температурасы түнде -4...+1, облыстың солтүстігінде -7 градус, күндіз +1...+6 градус, облыстың оңтүстігінде +9 градусқа көтеріледі. Қостанай қаласында көшпелі бұлт шығып, күндіз қар жауады. Жел екпіні 18 м/с жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары