$ 449.3  489.69  4.89

«Соғысқа аттандыры жатыр»: Ақтөбеде жігіттерді күштеп көшеден әкетіп жатыр

Газельмен келді де, жас балаларды алып кетті.
Фото: elorda.info
Фото: elorda.info

Ақтөбеде жігіттерді әскер қатарына көшеден күштеп әкетіп жатыр. Тіпті, әскери қызметкерлер базарларда сауда сатып тұрған азаматтарды алды артына қаратпай көліктеріне отырғызып алған. Құзырлы орындардың мұндай әрекетін түсінбеген ақтөбеліктер арасында «ер адамдарды соғысқа жинап жатыр» деген қауесет тарап кетті, деп хабарлайды zhambylnews.kz сайты. 

Ал әкімдіктегілер бұл жағдайды әскерге бармай, қашып жүрген жастарға арналған профилактикалық шара деп отыр. Бірақ әскери бөлімге қаулы шығарып берген биліктегілер «көшеден адам ұста» деп ешкімге тапсырма бермегенін айтты.

Базар маңында жүрген жас жігіттерге қырғидай тиген құзырлы органдардың әрекеті ақтөбеліктердің ашуын туғызды. Видеода «қолымда әкімнің қаулы бар» деген әскери қызметкердің қолынан жұрттан жинап алған жеке куәліктерді де көруге болады. 

Әскерилер мен полицейлердің әрекетін көрген ақтөбеліктер алғашында не болып жатқанын түсінбей, шошып қалған. Кейін әскер жасындағы жігіттерді әскери бөлімге алып бара жатқанын білдік дейді.

«Газельмен келді де, жас балдарды алып кетті», «Шақыру керек қой, бұрындары қағазбен шақыратын еді», — дейді қала тұрғындары.

Таң атпай елдің үрейін қашырған әскери бөлімдегілер жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Ақтөбе қаласында және аудандарда әскерге шақыру жұмыстары жүрып жатыр. Осыған байланысты күнделікті әскери шақыруларды беріп жатырмыз. Ешкімді сүйреп, тасымаған. Әскери шақыруды береді, болды. Бұл біздің күнделікті атқарып жатқан жұмысымыз», — деді Ақтөбе облыстық қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығы Сейіткерім Арапбаев.

Осылайша, жауаптылар әскерден қашып жүрген жігіттерге отан алдындағы парызын түсіндірмек болған екен. Ал профилактикалық шара қолдану туралы қаулы шығарған әкімдіктегілер әскери қызметкерлерге «адамдарды көшеден ұстаңдар» деген тапсырма берілмеді деп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары