Таулы Қарабақта жаңа қақтығыс басталғалы екі жақтан бес мыңға жуық адам қайтыс болды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин "Валдай" талқылау клубында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Екі жақтан да қайтыс болғандар көп. Біздің мәліметімізше, әр тараптан екі мыңнан аса адам көз жұмған. Жалпы қайтыс болғандар саны бес мыңға жетіп қалды", - деді Путин.
Айтуынша, Қарабақтағы жағдайды реттеу үшін екі тарап ымыраға келуі керек.
"Ең алдымен оқ атуды тоқтату керек. Ымыраға келгенін қалаймын. Мен президент Әлиевпен де, премьер-министр Пашинянмен де тығыз қарым-қатынас жасаймын. Олармен күніне бірнеше рет телефон арқылы сөйлесемін. Бірнеше рет", - деді Ресей президенті.
Еске салайық, 27 қыркүйекте таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.