23.10.2020, 15:00

ТЖМ жазғы дөңгелектерді ауыстыруға кеңес берді

Ведомство жазғы шинаны қысқыға ауыстыру жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін айтады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес берді. Себебі, күз мезгілінің келуіне орай жол-көлік оқиғаларының болу қаупі жиілейді.

«Қазгидромет» дерегі бойынша, қараша айында жауын-шашын болып (көбінесе қар), боран соғып, екпінді жел, сондай-ақ еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Сондықтан республика жолдарында көлік құралдарының қозғалысына ерекше назар аудару қажет», - делінген хабарламада.

Ведомство жазғы шинаны қысқыға ауыстыру жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін айтады.  

«Ауа температурасының төмендеуінен, сондай-ақ жауын-шашын болған жағдайда жолдың бетінде көктайғақ болуы мүмкін. Соның салдарынан жазғы доңғалақтың тежелуі нашарлайды.Сол себепті жол-көлік оқиғалары жиілеуі мүмкін. Көліктің доңғалағын қысқы шинаға ауыстырмаған жүргізушілер тізгінге ие бола алмай, жолда күтпеген оқыс оқиғаларға тап болуы әбден мүмкін. Осылайша, олар өздерінің және жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді», - делінген хабарламада.

Тегтер: шина